Қостанайда мұғалім коронавирус жұқтырып, мектеп карантинге жабылды
Қостанайда мұғалім коронавирус жұқтырып, мектеп карантинге жабылды
173
оқылды
Қостанай қаласында ұстаздан коронавирус анықталып, соның салдарынан №1 мектеп-лицейі карантинге жабылды.
- Індеттің әрі қарай таралуын болдырмау мақсатында ертеңнен бастап білім ордасының қызметкерлері екі аптаға үй карантиніне жіберілмек. Ал оқушылардың барлығы қашықтан оқу форматына көшіріледі. Әзірге, балалар арасында науқас тіркелмеген, -деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.
Мектепте 462 оқушыны қамтитын 38 кезекші топ болған. Олар 40 минуттан үш сабақ қана оқитын.