АҚШ жақын күндері Сирияда америкалық арнайы жасақ жасаған операцияның бейнежазбасындағы кей кадрларды жариялайды. Аталған операция аясында «ДАИШ*» (ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым) лаңкестік ұйымының қолбасшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади өлтірілген еді. Бұл туралы дүйсенбіде Дональд Трамп мәлімдесе, кейін ақпаратты АҚШ Қарулы Күштері Комитеті штабының басшылығы растады.
Euronews таратқан ақпарға сәйкес Ақ үйден жасаған мәлімдемесінде Трамп әл-Бағдади арнайы жасақ оны үңгімеде тығырыққа тіреген сәтте содырдың белбеуін тартып қалып, қаза тапқанын хабарлады.
Өз кезегінде Берлин «ДАИШ»* лидерінің өлімі лаңкестік ұйыммен соғыстың соңына нүкте қойылды дегенді білдірмейді деді. Германия үкіметінің өкілі Штеффен Зайберт «Әл-Бағдадидің қаза тапқанына қан жұтып жатқандар маңызға ие» дей келе мұндай «жалғыз қасқырлардың» қауіпті екенін алға тартты.
Кремль «егер ДАИШ* лаңкестік ұйымы лидерінің шынымен көзі жойылса, онда Трамп лаңкестікпен күреске айтарлықтай үлес қосты» деді.