Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовтың "ашуына" тиді
Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовтың "ашуына" тиді
125
оқылды

Қазақстандық спортшылар  Қуат "Найман" Хамитов пен Сабина Алтынбекова араларында не бар екенін ашып жазбаса да, әлеуметтік желіде бір-біріне "сезімдерін" білдіріп қалады.

Бір жігіт Instagram-да болашақ жарының есімін Сабина деп болжаған әрі  спортшы қызды белгілеп қойған. Алтынбекова репост жасады.  width=

"Оның артынан Қуат Хамитов қуып келеді", - деп жазды біреу Сабинаға арнап. Сабина Алтынбекова бұл ескертуді сториз-ге шығарып,  "Найманға": "Келмеші" деп жазды.

Хамитов та жауапсыз қалмады.
"Қымбаттым, айтқаның болсын, бұл жігітке мен қатты ашулымын", - деп жазды жауынгер.
 width= Еске сала кетейік, бұған дейін Қуаттың Сабина Алтынбековаға сөз салғанын жазған болатынбыз.