Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кездесу барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы стансасын айналып өтетін теміржол құрылысы туралы айтты.
– Қазіргі уақытта теміржол транзиті мен Алматы стансасы арқылы Қытай мен Орталық Азия елдері арқылы өтетін жүк ағымының өсуі байқалады. Бір жылда 20%-ға дейін көтерілген. Осыған байланысты, министрлік МЖӘ тетігін қолдана отырып, 2022 жылға қарай Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісін салу жобасын әзірлеуде. Бұл бізге тасымалдау уақытын екі күнге қысқартуға, Алматы стансасының жүктемесін 40% -ға төмендетуге мүмкіндік береді,– деді Б.Атамқұлов.