Ауыл әйелдерінің 25 пайызы үйде отырады

Ауыл әйелдерінің 25 пайызы үйде отырады

Ауылда тұратын әйелдерге қатысты жаңа статистика жарық көрді. Соған сәйкес, еліміздегі әрбір төртінші әйелдің басты жұмысы — отбасы тірлігі екені анықталған. Десек те, әрбір бесінші отбасында негізгі табыскер — әйел екен. 

Ал енді статистикалық мәлі­меттерге тоқталатын болсақ, үй шаруасындағы әйелдердің үле­сі — 25,1 пайыз, бюджеттік ұйым­дарда жұмыс істейтіндер — 22,9 пайыз, жекеменшік секторда істей­тін­дер 17,9 пайыз екен. Ал жасына байланысты зейнетте — 12,4 пайыз әйел, өзін-өзі жұ­мыспен қамтып отырғандар — 7,2 пайыз, уақытша жұмыссыз әйел­дер — 6,2 пайыз. Ауылда тұратын барлық әйелдің 4,8 пайызы мем­лекеттік жұмыста қызмет атқа­ратын болса, 1,9 пайы­зы —сту­дент. Ста­тис­тикада орын алған топтардың ішінде «Басқа» деген категория бар. Оның үлесі — 0,9 пайыз. Ал әйелдердің 0,7 пайыз мүгедектігіне байланысты жұ­мыс­сыз екен. Бұ­дан бөлек, ауыл­дағы әр бесінші отбасында негізгі табыскердің әйел екені, ал тағы 10 пайызы әйелдің жәрдем­ақы­сына не жала­қысына өмір сүретіні анық­талған.

Жадыра АҚҚАЙЫР