«Парламент сөзі» парламенттік сыйлығы табысталды
«Парламент сөзі» парламенттік сыйлығы табысталды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарына Мәжіліс символикасы бейнеленген бірегей мүсіншелер мен дипломдарды табыстады.

Биыл төртінші рет өткізіліп отыр­ған дәстүрлі парламенттік сыйлықтың қорытындысы жаз мезгілінде Бұ­қара­лық ақпарат құралдары қызметкер­лері­нің кәсіби мерекесі қарсаңында шы­ғарылған болатын. Алайда каран­тин­ге байланысты естелік мүсіншелер мен лауреаттардың дипломдарын тап­сыру рәсімі күзгі парламенттік сес­сияға ауыстырылды. Мәжіліс Төрағасы «Парламент сө­зі» сыйлығын жеңімпаздарға табыстап,  бұ­қаралық ақпарат құралдарының елі­міздің дамуындағы, сондай-ақ депу­таттық корпус пен журналистердің бір­лескен нәтижелі жұмысын атап өтті. Нұрлан Нығматулиннің айтуын­ша, журналистердің Мәжіліс жұмысын насихаттап, депутаттардың қызметін халыққа жеткізуде  қосып жатқан үлесі өте зор. «Парламенттік журналистиканы да­мытуға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша Qazaqstan dauiri бас дирек­торы Сәуле Мешітбаева және «Кара­ван» газетінің бас редакторы Игорь Шахновичке берілді. «Үздік телевизиялық сюжет үшін» но­­минациясын «Хабар» телеарна­сы­ның тілшісі Индира Жылқайдарова мен «Еуразия» бірінші арнасының» тіл­шісі Светлана Пенькова иеленді. Ал «Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясын «Егемен Қазақ­стан» газетінің тілшісі Темір Құсаинов пен «Литер» газетінің ұжымы жеңіп ал­ды. «Үздік интернет және радио ма­териа­лы» номинациясын «Abai.kz» ақ­параттық порталы және Серік Са­беков (Kazinform) иеленді. «Парламент сөзі» сыйлығының «Арнайы репортаж» номинациясын «Қазақ радиоларынан» Қымбат Досжан және «Хабар 24» те­леарнасының корреспонденті Марк Брюшко алды. «Үздік бейне – сурет материалы үшін» номинациясын Nur Media фо­то­тілшісі Советбек Мағзумов және «Ха­бар» телеарнасының бас операторы Еділ Ермекбаев иеленді. Сондай-ақ биыл әлеуметтік желі­де­гі үздіктер анықталды. Олар «Әлеу­мет­тік желідегі үздік материал үшін» но­минациясын алғаш рет журналист-бло­гер Өркен Кенжебек және YEDILOV ONLINE Telegram-каналы­ның авторы Ербол Еділов иеленді. Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бастамасымен биыл «Парламент сөзі» арнайы сый­лы­ғы» номинациясы мезгілсіз дүние­ден өткен белгілі қазақстандық журна­лист Бейсен Құранбекке берілді.

Жеңімпаздарға Мәжіліс симво­ли­касы бейнеленген бірегей мүсінше­-лер­ және арнайы дипломдар та­быс­талды.