Арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды

Арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағ­дай­дағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауын тал­қылау аясын­да «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық фи­лиалы этномәдени бірлестіктердің басшыларымен және ме­гаполис жұртшылығымен онлайн кездесу өткізді.

Партияның қалалық филиалының бірінші орынбасары Станислав Кан­куров­тың айтуынша, Қазақстан хал­қы Ассамблеясы мен ұлттық-мәдени ор­талықтар еліміздегі жалпыұлттық ке­лісім мен бейбітшіліктің сақ­талуы­на өзіндік үлесін қосып келеді.
– Ассамблея Қазақстан халқының тұ­рақ­тылығы мен бірлігін сақтауда ерек­ше рөл атқаруда. Партия үшін эт­номәдени бірлестіктермен тығыз қа­рым-қатынас жасау қашан да маңыз­ды. Бұл бізге қоғамдағы орын ал­ған түрлі жағдайлардан хабардар бо­лып, қазіргі проблемаларды түсіну­ге және оларды шешуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Канкуров.
«Ахыска» республикалық түрік ор­­талығының, «Ильдаш» татар гума­ни­тарлық даму орталығының және Қа­зақстандық дүнген қоғамының қа­тысушылары Қазақстанның Тәуел­сіздік жылдарында ұлттық мәселелер көр­ші елдердегідей ешқашан өзекті бол­ған емес деген пікірге келді. Бұл рет­те жақында ұйымдастырылған «Мен өз Туымды мақтан етемін» ак­ция­сын қазақстандықтардың бі­рауыз­дан қолдауы – шетелдік фильм­нің күмәнді жарнамалық компа­ния­сы­на берілген жауап болғанын жиын­ға қатысушылар атап өтті.
– Жолдаудың төртінші тарма­ғын­да Мемлекет басшысы қоғамдық ке­лі­сімді нығайту бағытында үлкен бет­бұрыс жасады. Жолдауда түрлі әлеу­меттік және этникалық топтар ара­сындағы келісім – бүкіл қоғамның күш-жігерінің нәтижесі делінген. Осы­ған байланысты «Nur Otan» пар­тиясы біздің бірлігімізді нығайтуда нақ­ты шаралар қабылдау үшін саяси про­цестерге талдаулар жасап, этно­саралық келісім мен дінаралық өзара тү­сіністікті нығайтуды белсенді жал­ғастыруда, – деп атап өтті Алматы қа­лалық мәслихатының «Nur Otan» пар­тиясы депутаттық фракциясының мү­шесі Қали Сәрсенбай.

 А.ЖАСАНҰЛЫ