Жаңартылатын энергетика нысаны жоқ өңір қайсы?
Жаңартылатын энергетика нысаны жоқ өңір қайсы?
5,217
оқылды

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңартылатын энергетика нысаны жоқ облыстарды атады.

– Өңірлер арасында жаңартылатын энергия көздерінің саны бойынша Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы қатарда. Сонымен қатар Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бірде-бір жаңартылатын энергетика нысаны жоқ екендігін атап өту қажет. Бұл ретте әкімдіктер жаңартылатын энергетика көздері жобалары бойынша инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізіп, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында оларды көбірек қолдануы керек,– деді А.Мамин.

Үкімет басшысы Қазақстан Париж келісіміне сәйкес міндеттемені ұстанып, жаңартылатын энергия көздерін дамытатынын баса айтты.

«Осыған орай Экология министрлігі Париж келісіміне сәйкес міндеттемелердің орындалуын және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін»,–деді ол.