Bek Air жолаушыларға 34 миллион теңге төлейтін болды
Bek Air жолаушыларға 34 миллион теңге төлейтін болды
129
оқылды

Алматы соты жылға жуық уақыт жұртты сандалтып қойған әуе компаниясын клиенттеріне 34 миллион теңге төлеуді міндеттеді, – деп хабарлайды КТК.

Бастапқыда тек 108 жолаушы сотқа шағым түсірген екен. Оларға Bek Air 8 миллионға жуық теңге қайтаруы тиіс болған. Алайда билет ақысын былтырдан бері қайтара алмай жүрген халық бұдан да көп боп шықты. Процестің ортасында шағымданушылар 500-ден асып кетті. Ал жалпы сома 34 миллион теңгеге бір-ақ жетті. Билет дауына қатысты сот бұл жолы да жолаушыларды қолдап, әуе компаниясын 34 миллионның соңғы тиынына дейін төлеп беруге міндеттеді. 500 жолаушының барлығы да билетті желтоқсандағы ұшақ апатына дейін сатып алған. Бірақ Bek Air ол қарыздан әлдеқашан құтылғанын айтып, жауапкершіліктен қашқан. Былтыр желтоқсанда болған ұшақ апатынан соң Bek Air-дің рейстері жаппай тоқтатылған. Соның салдарынан алдын ала билет алып қойған дүйім жұрт ақшасын қайтара алмай, компанияны сотқа берді.

Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің басқарма жетекшісі Әлихан Шәкенов: «Bek Air-ға қатысты біз сотқа үш мәрте шағым түсірдік. Барлығына әуе компаниясы 93 миллион теңге қайтаруы тиіс. Нақты қанша ақшаның қайтарылғаны туралы бізде мәлімет жоқ. Бірақ соттың шешіміне сәйкес, белгіленген уақыттың ішінде әуе компаниясы шешімді орындауға міндетті», – дейді.