Қазақстан ет және сүт өндірісін ұлғайту бойынша Еуразиялық экономикалық одақта көшбасшы болып қала береді, деп хабарлайды LS.
Ет
Қазақстанда биылғы қаңтар-қыркүйек айларында 1,3 миллион тоннадан астам ірі қара мен құс еті өндірілді. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлем 4,8% артқан. Одақ статистикасына сәйкес, бұл ЕАЭО елдерінің ішіндегі ең үлкен өсім. Қырғызстан өнімді өндіруді 2%-ға (289,5 мың тоннаға), Ресей 1,7% -ға (10,4 млн тоннаға) дейін арттырды.
Ал, Армения мен Беларуссия, керісінше, ет көлемін 2,1% -дан 69 мың тоннаға және 1,7% -дан 1,3 млн тоннаға дейін азайтқан.
Сүт
Сүт өндірісінен де Қазақстан көшбасшы болып қала береді. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елде 4,7 млн тонна сүт өндірілді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1% -ға көп.
Өз кезегінде, Қырғызстанда сүт өндірісі 2,4% -ға (1,3 млн тоннаға), Ресейде – 1,7% -ға (24,2 млн тоннаға) дейін өсті. Алайда, Армения мен Беларуссияда бұл көрсеткіш сәйкесінше 4,3% -ға 574,9 мың тоннаға және 0,1% -ға 5,6 млн тоннаға дейін төмендеді.