Банкоматта қалып кеткен жарты миллион теңгені алып кеткен тұрғын ұсталды
Банкоматта қалып кеткен жарты миллион теңгені алып кеткен тұрғын ұсталды
127
оқылды

Полиций департаментінің хабарлауынша, Көкшетау қаласының полиция басқармасына 27 қазанда облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны арызданған.

Ол банкомат арқылы ақша аудармақ болып, ұяшыққа қаражатын салғаннан кейін алаңғасарлығынан қаржылық операцияны толықтай аяқтамаған. Одан кейінгі клиент банкоматта қалып қойған ақшаны алып, банктен кетіп қалған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары ер адамның кім екенін анықтады. Ол 45 жастағы Көкшетау тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта процессуалдық шешім қабылдау мәселесі қаралып жатыр», – деді полицейлер.