Қарашадан бастап коронавирус күрт өршіген облысқа кіріп-шығу шектеледі
Қарашадан бастап коронавирус күрт өршіген облысқа кіріп-шығу шектеледі
114
оқылды

Бүгін ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің санитарлық пост қойылатыны және қозғалыс шектелетіні туралы қаулысы шықты.

Нақтысы, Алматы (1 бекет), Қарағанды (1 Бекет), Павлодар (2 бекет) облыстары, «Ауыл», «Уба» (Шемонаиха ауданы – 1, Бородулиха ауданы – 1) өткізу пункттерінде және Өскемен қаласы бойынша 7 бекет тарапынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін 13 санитарлық бекет қойылады. Облыс аумағына кіріп-шығатын жол қозғалысы жергілікті биліктің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Айта кетейік, соңғы бір тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 205 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды.