Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан инспектор Әділ Кенжеғұлов «Айбын» орденімен наградталды.
«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын» делінген қаулы мәтінінде.
Айта кетейік, 25 қазан күні түнде Қызылорда облысының Жалағаш ауданында браконьердің соңына түскен инспектор Әділ Кенжеғұлов қаза тапты. Ол – жыл басынан бері табиғатты қорғаймын деп дүние салған үшінші қорықшы.