Ақмола облысында 700 миллион теңгені жымқырғандар ұсталды
Ақмола облысында 700 миллион теңгені жымқырғандар ұсталды

Ақмола облысы аумағында қосалқы станция салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, – деп хабарлады Қаржы мониторингі комитеті.

«ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қосалқы станция салу кезінде 700 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі шеңберінде Ақмола облысының аудандық әкімдік бөлімінің басшылары басқарған бір топ тұлғаны ұстады» делінген комитет таратқан хабарламада.

Тергеу басталды.