Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

«Болашақ» иегерлері белгілі болды

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері анықталды.

Нұрбек БАҚЫТ
Қазан 30, 2020
Әлеумет, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар
Болашақ, бағдарлама, грант

Фото: Интернеттен алынды

125
қаралым

Бүгін 57 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.

Мұндай шешім бүгін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында қабылданды.

Биыл 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өткен конкурстық іріктеудің бірінші және екінші кезең нәтижелері бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына 59 үміткердің материалдары ұсынылды.

Оның ішінде 50 үміткер магистр дәрежесін алу үшін шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түскендер, доктор дәрежесін алуға 7 үміткер, тағылымдамадан өтуге 2 үміткер конкурстық іріктеуге қатысты. Үміткерлердің көпшілігі Ұлыбритания (28 адам), АҚШ (19 адам) және Австралияда (7 адам) оқуға құжат тапсырса, ең азы Швейцария, Дания, Жаңа Зеландия, Израиль, Ресей сияқты елдердің еншісінде.

Nur Otan Мәдениет министрлігінен қазақ тілінде сапалы контент жасауды талап етеді

Болашақ – қазақ тілінде

Мәслихаттың жаңартылған құрамы жұмысқа кірісті

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 57 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды.

 

Болашақ, бағдарлама, грант
Фото: Интернеттен алынды

Айта кетерлігі, биылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурстық рәсімдер толығымен автоматтандырылды. Үлгі ретінде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүйесі таңдап алынды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы №1394 қаулысымен бекітілген.

Бағдарламаны іске асырудың 26 жылында 13 976 стипендия тағайындалды, оның ішінде 1994 жылдан 2004 жылға дейін – 785 стипендия, 2005 жылдан 2020 жылға дейін – 13191 стипендия үлестірілді. 13191 стипендияның 3379-ы бакалавриат, 7229-ы магистратура, 35-і аспирантура, 87-сі клиникалық ординатура, 347-сі докторантура, 2114-і тағылымдама бағдарламасы бойынша оқуға арналды. 2020 жылға барлығы 555 стипендия бөлінді, оның 395-і магистратура бағдарламасына, 50-і докторантура бағдарламасына және 110-ы тағылымдамадан өтуге арналған.

Екі іріктеу қорытындысы бойынша 163 стипендия тағайындалды, оның 143-і – магистратура, 13-і докторантура, ал 7-уі тағылымдамадан өтуге тиесілі.

 
Тегтер: бағдарламаболашақгрант
Алдыңғы жаңалық

Интернет нашар болса, операторға – айыппұл

Келесі жаңалық

Қазақстанда 25 адам «Болашағынан» айырылды

Ұқсас жаңалықтар

тележүргізуші
Жаңалықтар

Атақты тележүргізуші өмірден өтті

Қаңтар 24, 2021
ШҚО
Жаңалықтар

ШҚО-да жол апатынан 4 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды

Қаңтар 23, 2021
оқушы
Жаңалықтар

Өнертапқыш оқушы вирустан қорғайтын ерекше маска ойлап тапты

Қаңтар 23, 2021
Әлия Әбсеметова
Жаңалықтар

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атақты тележүргізуші өмірден өтті

Қаңтар 24, 00:03

ШҚО-да жол апатынан 4 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды

Қаңтар 23, 23:30

Өнертапқыш оқушы вирустан қорғайтын ерекше маска ойлап тапты

Қаңтар 23, 22:48

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 22:13

Қостанай облысында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 21:48

Жұмағұлов – Альбази жекпе-жегінің уақыты өзгерді

Қаңтар 23, 21:20

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер берілді

Қаңтар 23, 20:50
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

тележүргізуші

Атақты тележүргізуші өмірден өтті

Қаңтар 24, 2021
ШҚО

ШҚО-да жол апатынан 4 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»