Бас санитар қай өңірге блокпост орнатылуы мүмкін екенін айтты
Бас санитар қай өңірге блокпост орнатылуы мүмкін екенін айтты
Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов  елімізде эпидемиологиялық ахуал ушығып кеткен жағдайда өңірлерде блокпостар қойылатынын айтты. 
"Қазір өңірлерге блокпост қоюдың қажеттілігі жоқ. Тек Қарағанды облысында блокпост орнату жоспарланған. Бұл блокпост емес, санитарлық бекет болуы мүмкін. Бұл алдын алу шараларын арттыру аясындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы болатын», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, мұндағы Ақтоғай ауданында «Алтын алмаз» кәсіпорны қызметкері арасында коронавирус өршіген.