Қарағандыда 430 млн теңгеге төселген асфальт жарыла бастады
Қарағандыда 430 млн теңгеге төселген асфальт жарыла бастады
169
оқылды
pskСыбайлас жемқорлықпен күрес қызметкерлері Қызылорда-Павлодар-Успенка тас жолындағы жаңа жол төсемінің сапасын тексеріп, ақауларды анықтады. Бұл туралы Aikyn.kz  тілшісі «Хабар 24»сайтына сілтей отырып хабарлайды.

Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, трассаның 12 шақырымдық учаскесін орташа жөндеуге 430 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Тексерушілер жолдың 2 шақырымында жарылған асфальтты анықтады. Мердігер ақауларды өз есебінен жоюы тиіс.

Жаңа жол 31 қазанда пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда анықталған ақауларға байланысты жолдың ашылуы кейінге шегерілді. «Сарыарқа адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орынбасары Олжас Бұрхановтың айтуынша, жұмыс әлі толық аяқталмаған. Шарт біржақты тәртіпте бұзылуы мүмкін, ал мердігерге қатысты іс қозғалып, «қара тізімге» енгізу бойынша шаралар қабылдану қарастырылады.