Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
164
оқылды
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Рүстем​ Исаев тағайындалды. 44 жастағы Рүстем Исаев Ақтөбе мемлекеттік медицина университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі.​ Еңбек жолын 1993 жылы Хромтау аудандық орталық ауруханасында реанимациялық бөлімнің санитары болып бастаған.​ Әр жылдары Ойыл​ аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, бас дәрігердің​ емдеу ісі жөніндегі​ орынбасары,​ Хромтау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етті.​ Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне​ тағайындалар алдында «Ақтөбе медициналық орталығын» басқарды.