Белгілі актриса құпиясымен бөлісті
Белгілі актриса құпиясымен бөлісті
107
оқылды

Көрерменге "Сабина келін" фильмі арқылы танылған актриса Айнұр Ілясова өркен өміріндегі естеліктерді айтып, көпшілікті таң қалдырды, деп жазады "Время"

"Сабина келін" фильміндегі көңілді Алтыншаштың балалық шағы алаңсыз өтпепті.
"Отбасымызда жанжалдар да болып тұратын. Менің атам ішіп алып, әжемді ұрғанын өз көзіммен көрдім", - дейді Айнұр басылымға берген сұхбатында.
Қазір 2 баланың анасы болса да, актриса балаларға зорлық көрсету мәселесіне қатты мән беретінін айтады. Айтуынша, 6 жасында өзі де педофилдің құрбанына айнала жаздапты.

"Мені анамның құрбысының үйіне бір нәрсе алып келуге жұмсады. Онда отыздағы ер адам, үй иесінің інісі теледидар көріп отырды.  Ол мені қасына отыруға шақырды. Бір кезде ол мені сүйе бастағанда мен одан қашып құтылдым. Әрине әлгі ер адам әйелі екеуі мені жала жапты деп сөзімді өтірікке шығарды", - деп есіне алды актриса.