Bek Air әуе компаниясы халыққа 34 млн теңге төлейді
Bek Air әуе компаниясы халыққа 34 млн теңге төлейді
196
оқылды
Компанияға бастапқыда 108 жолаушы шағым түсіріп, әуе компаниясы 8 млн теңге  қаржы қайтаруы керек болған. Десе де, шағымданушылар саны 500-ден асып, сот шешімі бойынша жолаушыларға 34 млн теңге қайтару міндеттелді. Еске сала кетейік, Bek Air компаниясына қатысты іс өткен жылы ұшақ апатынан кейін жұмысын тоқтату жайлы шешім қабылданған. Нәтижесінде, ұшуға алдын ала алынған билет қаражаты компания тарапынан  қайтарылмаған. Сот шешімне сәйкес, Bek Air белгіленген уақытқа сай барлық шарттарды орындауы тиіс.