Тікелей эфирде тұрғындармен пікірлесті
Тікелей эфирде тұрғындармен пікірлесті
163
оқылды

Алматыда «Nur Otan» партиясының аудандық филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары қала тұр­ғын­да­рымен тікелей эфирде кездесу өт­кізді.

Мегаполистің сегіз ауданында өткен ті­келей эфир барысында партияның аудандық фи­лиалдары төрағаларының бірінші орын­басарлары әр ауданда жүргізіліп жатқан жұ­мыстар туралы баяндады. Мысалы, Ал­малы ауданының тұрғындарымен онлайн кез­десу барысында Алматы қаласының «Аза­маттық альянсы» заңды тұлғалар бір­лес­тігінің президенті Саулет Толғанбаева «Жұ­­мыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағ­дарламасы бойынша жұмысқа орналасу мә­селелеріне қатысты сұрақтарға жауап бер­ді. Эфир барысында алматылықтарды қа­зіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізіліп жат­қан №54 мектеп ғимаратының сейсмо­тұрақ­тылығы бойынша мәселе толғандыра­тыны белгілі болды. Тұрғындар тарихи ғи­ма­раттың сәулеттік келбетіндегі өзгерістен қауіптенетінін айтты. «Nur Otan» партиясы Ал­малы аудандық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Ерлан Әлбисенов бұл мәселеге қатысты нақты түсініктеме беріп, мек­тептің сейсмикалық нығайтылуы ғима­рат­тың тарихи келбетін сақтай отырып жүр­гі­зі­летінін атап өтті. Айта кетейік, бүгінде Алмалы ауда­нын­да 48 тарихи және мәдени ескерткіш бар, оның 30-ы сәулет ескерткіштерінің қатарына кіре­ді.

Әбілмансұр ЖАСАН