Шаруашылықтарда мал бағатын адам жетіспейді
Шаруашылықтарда мал бағатын адам жетіспейді
222
оқылды

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе об­лы­сы Мәртөк аудандық фи­лиалы Сая­­си кеңесінің мүшелері фер­мер­лер­дің проблемалық мәселелерін тал­­­­қылау мақсатында ауыл­шаруа­шы­лық сала­сының қызметкерлерімен кез­десу өткізді.

«Айс» ЖШС-де бас қосқан шаруа­шылық иелері мен Саяси кеңес мү­ше­лері қазіргі таңда шаруалардың кеңі­нен қанат жаюына кедергі болып тұр­ған мәселені көтеріп, оның ше­шілу жолдарын талқылады. Өз кезе­гінде Мәртөк аудандық мәслиха­ты­ның депутаты Аманғос Аткиев қыс­қа дайындық барысын сөз етіп, шаруа иелерінің осы бағыттағы бірқатар сауа­лына жауап берді. Проблемаларды тізбектеген фер­мерлер, ең алдымен аталған саладағы кадр жетіспеушілігін алға тартты. Бір­қатары ауыл тұрғындарының жұ­мыс істегісі келмейтінін айтса, енді бірі қожалықта техникалардың тіз­гінінде отырғандардың дені елуден асқан, алпысты алқымдаған азаматтар екенін жеткізді. Сондай-ақ бірнеше жыл­дар өткен соң осы салада жұмыс­шылардың тапшылығы шаруашы­лық­қа тұсау боларын да тілге тиек етті. Ол үшін арнайы курстар ашып, ауыл шаруашылығы саласына маман­дарды даярлау керек деген ұсынысын жеткізді. Одан бөлек, бірнеше фун­к­ция­ларды жүзеге асыратын техника­лар­дың қажеттілігі туралы айтылды. Кездесу барысында мемлекет ауыл шаруа­шылығын дамытуды қолға алып, көмегін аямаса деген ұсыныс пен пікірлер көп болды. Басқосуда кейбір мал шаруасында сауыншы мен малшының жоқтығы көп байқалатыны айтылды. Шаруа қо­­жалық иелері ай сайын жалақы­сы­мен қоса, әлеуметтік төлемдерін қам­та­масыз еткеннің өзінде жергілікті ха­лық еңбек еткісі келмейтінін жа­сыр­мады. Сонымен қатар талқылау ке­зінде мал шаруасын жүргізуде шаруалар еттің пайдасын көретінін, малдың терісін, жүнін қабылдайтын, өң­дейтін орнының жоқтығы оларды біраз шығынға ұшыратып отырғанын сөз етті. Осы және өзге де көптеген мә­се­лелерді тыңдаған партия мүше­лері бұл проблемаларды тиісті орын­дар­ға жеткізуге уәде берді.

Әбілмансұр ЖАСАН