Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ресми ашылатын уақыт белгілі болды
Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ресми ашылатын уақыт белгілі болды
5,134
оқылды

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында ресми рәсім уақытын айтты.

«Біз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту арқылы күллі түркі дүниесінің киелі мекені Ұлы далада, көне қазақ жерінде өркениеттің салтанат құрғанын әлемге тарататын боламыз, Тәуелсіз елімізді, халқымызды насихаттаймыз. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына орай әл-Фараби мерейтойын негізінен ғылыми, интеллектуалдық бағытта атап өтіп, жыл бойында халықаралық, республикалық және өңірлік ауқымда тақырыптық арнайы жобалар, ғылыми-ағартушылық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілуі тиіс. Олардың интеллектуалдық деңгейіне ерекше назар бөлінсін»,– деді Қ.Көшербаев.

Мемхатшының айтуынша, мерейтойды атап өтудің республикалық жоспарының жобасы әзірленген. Онда республикалық және өңірлік деңгейде өтетін 50-ден астам іс-шара көзделген. Олардың қатарында халықтық барлық буынын қамтитын арнайы жобалар, ғылыми талдау, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар.

«әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын бастаудың ресми рәсімін 2020 жылдың 10 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «әл-Фараби» орталығының халықаралық тұсаукесерімен қоса өткізу ұсынылып отыр»,– деді Қ.Көшербаев.