«Аула қақпасынан басталады, Отан отбасынан басталады» «Азаматқа қалпынан қымбат нәрсе жоқ, қалпына салтынан қымбат нәрсе жоқ» «Үйленбеген еркек есін жимай өтеді» «Ауылда туысқандар тұрады, қалада жұғысқандар тұрады» «Әйелді төбеңе шығарма, өзі-ақ секіріп шығады». «Бір кезде жазушы-сыншылар отырып алып, менің бір кітабымды талқылап отырған. Біреуі айтты: «Мен көзәйнегімді үйде қалдырып кетіппін. Оқиын десем көрмей отырмын», – деп. Сонда Қадыр: «Көрмей отырсаң ол дұрыс қой, ал көре алмай отырсаң болмайды ғой», – деп қойып қалды. (Оразақын АСҚАР). «Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін». «Қанатты сөз миниюбка сияқты, одан әрі қысқарса, абыройың ашылады». «Шындықтан қашқан шырғалаңға тап болады». «Адам боп туу – анадан, Айуан боп туу – өзіңнен!». «Еуропа ондаған халықты отарласа, темекі мен есірткі Еуропаны отарлады». «Мансапқорлар кресло үшін ар-ожданын да, намысын да сатып жүре береді». «Біреуге жақсылық жасау үшін әкім болу, бастық болу міндетті емес». «Ақиқаттың өзін өтіріктің аузымен айтады». «Адамзаттың басты қасіреті – ол бүгін әділдіктен кетіп қалған». «Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді». «Дүние – мүлік, әсіресе байлық – көздің құрты. Ал сол байлықтардың ішінде кітапқа жететін бірдеңе бар дегенге өз басым сене алмаймын». «Өз бағаңды көтеру үшін біреудің бағасын түсіріп керегі жоқ». «Көп көрмеген көп біліп жарытпайды». «Көкжиегің кең болмай көп көрмейсің». «Алысты аңсау, оның ар жағында не бар екен деп аласұру адам баласына құдай берген қасиет». «Өзіне-өзі қанағаттанбау – жақсы қасиет». «Түрлі адамдар түрліше күн көреді». Біреулер су, біреулер у береді, Сен өмірге келіп те үлгермейсің, Біреу сені жамандап үлгереді».