Елжан Біртанов жарты миллиардтан астам қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды
Елжан Біртанов жарты миллиардтан астам қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды

Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ұрлық ісі бойынша ұсталды.

«Біртанов ұсталды, қазір ол Астананың УҰИ-да», – деп хабарлады ақпарат көзі сенбіде агенттік тілшісіне. Алдын ала болжам бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы цифрландыруға бөлінген Т526 млн-ға жуық  қаражат ұрлады деген күдікке ілінді деп жазады Кaztag.kz.

Алайда бұл туралы  құзырлы органдар әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 25 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елжан Біртановты Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қызметінен босатып, министр болып Алексей Цой тағайындалды.