Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ұрлық ісі бойынша ұсталды.
«Біртанов ұсталды, қазір ол Астананың УҰИ-да», – деп хабарлады ақпарат көзі сенбіде агенттік тілшісіне. Алдын ала болжам бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы цифрландыруға бөлінген Т526 млн-ға жуық қаражат ұрлады деген күдікке ілінді деп жазады Кaztag.kz.Алайда бұл туралы құзырлы органдар әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 25 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елжан Біртановты Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қызметінен босатып, министр болып Алексей Цой тағайындалды.