Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Бақша қарақшысы

«Айқын» ақпарат
Қазан 31, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
қарақшы
3
қаралым

Оңаша бір серуендеп қайтпақ оймен жексенбі күні үйден шықтым. Қалталы мырзалар ғана иемденген Мода жағажайына баруға дәт жоқ болған соң, Патшазада аралына қарай аяңдадым. Стамбұлдың жыртық лашықты Топқапы бөлігінен өтіп, бір алаңқайға шыққан кезімде әлдекім маған:

– Мырза, әу, мырза! – деп дауыстады.

Жан-жағыма қарадым, ешкім жоқ. Бір бақшаның орта тұсында ербиіп қарақшы ғана тұр. Соған қайтадан көз тоқтатып едім, қимылдаған сияқтанды.

Әнші болғым келіп кетті!

Мен оны сүйемін!

Айлығымыз көп, қайтеміз?

Айқастыра шегеленген ағашқа жұлым-жұлым киім кигізіп қойыпты. Бас  орнына  шұрқ-шұрқ  тесілген  құлақты шөңкені қондырған.

Менің тіксініп қалғанымды аңғарған қарақшы:

– Қалқам, менен қорықпағын, – деді.

Сасқанымнан аяқ-қолым дірілдеп кетті. Тілім күрмеле жаздап:

– Ассалаумағалейкүм, Қарақшы ата! – деп қалдым.

– Менің туысқандарым не халде?

– Сіздің туысқандарыңыз бар ма еді?

Қарақшының қарқылдап қатты күлгені сон­шалық, тіпті сегізкөзі сықырлап кетті.

– Әрине… Сен, немене, жоқ деп пе едің?

Абыржығандықтан аузымды аша алмадым.

– Ұлы адамдардың көпшілігі бақша қарақ­шыларының ұрпағы екенін сен білмеуші ме едің?

– Оллаһи, білмеймін.

– Шырағым, мына біз болмаған күнде тарих та болмайтын еді. Король, паnша, уәзір, министр сияқты мықтылардың көпшілігі – бақша қарақшыларының  үрім-бұтағы.

– Мысалы, қай-қайсысы?

– Жо-жоқ… олардың аттарын сен сұрама, мен айтпайын. Не бәрін атау керек, не мүлде атамау керек, әйтпесе бәлеге қаласың.

– Ұлы адамдар – біздің ұрпағымыз дедің. Солай-ақ болсын. Сонда сені мұнда қайсысы қалдырып кетті?

– Бір кезде мен де үлкен ұлық болдым. Астымда аутомобилім, жан-жағымда жағымпаз жандай­шаптарым болды.

– Сонсоң?

– Сонсоң ба? Сонсоң мен өзімнің бақша қарақшысы екенімді естен шығарып, кіріспеске кірісіп жүрдім.

– Неменеге кірістің?

– Мысалы, алым-салықты азайтпақшы, етті, кантты арзандатпақшы, халыққа таза сүт бермекші болдым. Басқа да бірталай игі істерді қолға алдым.

– Сонсоң?

– Сонсоң ба? Менің ол істерім жер иеленуші шонжарларымызға ұнамады, оларға тиімді болмады. Сонсоң олар мені осында әкеліп, ербитіп шаншып кетті. «Аузын баққан бай боладыны» кеш ұғып тұрмын, міне.

– Әй, байғұс-ай…

 

 
Тегтер: әзілбақшақарақшы
Алдыңғы жаңалық

Көш жүре түзеледі

Келесі жаңалық

Ит туралы ирония

Ұқсас жаңалықтар

Странджа-2021
Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық «Странджа-2021» турнирінде 4 медаль еншіледі

Наурыз 1, 2021
Павлодар
Жаңалықтар

Павлодар облысында әйелі күйеуін бұзақылардан құтқарып қалды

Ақпан 28, 2021
облыс
Жаңалықтар

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақпан 28, 2021
ескерту
Жаңалықтар

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ақпан 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық «Странджа-2021» турнирінде 4 медаль еншіледі

Наурыз 1, 00:11

Павлодар облысында әйелі күйеуін бұзақылардан құтқарып қалды

Ақпан 28, 23:29

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақпан 28, 22:48

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ақпан 28, 22:02

Үнді мұхитында жалғыз қалып қойған адамды қазақстандықтар құтқарды

Ақпан 28, 21:20

Елордада дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті

Ақпан 28, 20:43

Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілді

Ақпан 28, 19:58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Странджа-2021

Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық «Странджа-2021» турнирінде 4 медаль еншіледі

Наурыз 1, 2021
Павлодар

Павлодар облысында әйелі күйеуін бұзақылардан құтқарып қалды

Ақпан 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»