Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ит туралы ирония

«Айқын» ақпарат
Қазан 31, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
ит
1
қаралым

Достарымды білемін жауға айналған,
кеспірі де иттерден аумай қалған.
Тістен қалған тыртық бар балтырымда,
іздесең, із табылар шаужайлардан.

Қосты деме азырақ сазына мұң,
өз итіне айтпайды базына кім?
Ит болса да қоямын арқа сүйеп,
біреуі деп бұл жеті қазынаның.

Бірге жүріп ал бірі, өлсем де – өлмек,
мен не қорлық өмірде көрсем – көрмек.
Қалың жауға көгілдір хилерге ұқсап
қарсы тұрса, не дейсің, келсең кел деп!

СҚО-да ер адам ауылдасының итін сойып жеген

Оңтүстік Кореяда мысық пен иттер коронавирусқа тексеріледі

Әзіл

Айтарлықтай астар жоқ жырымда түк,
Абайды да ит қапқан шырылдатып:
«Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып».

Қай ит, сірә, қапты екен ал Абайды?
Әлі жетсе қандай ит таламайды?
Бостан-босқа ешкімді қаппайды деп,
мақтайды жұрт қалайша алабайды?

Жүрсе кірін жүректің тазалап кім,
білмей ме жұрт қадірін азаматтың?!.
Құрметіңе құрметін көрсететін
талайына кез болдым азавактың.

Бір ағайын маңқиған төбет сынды,
марғау үрген, өзгеден бөлекше үнді.
Сес көрсетіп басқа итке ырылдайды,
қа­сындағы қызғанып өлекшінді.

Пенделердің тағдыры Бір Егейде,
сонда да адам бақытын тілемей ме?!.
Жазмыш кейде күніңді қаратады-ау
төбет емес, тазы емес – дүрегейге.

Кеткеніңше ұзап тым әудем жерге,
шәуілдейді соңыңнан қандендер де.
Көзге түсіп кекілі бриардың,
бір бикештен аумайды сәнденгенде.

Мені ертеден білетін тым шырайлы
келіншек бар, көрмесе тыншымайды.
Джой Груфтың пуделі секілденіп,
қасыма ертсем, еркелеп қыңсылайды.

Тағы да бір көзтаныс қария бар,
(атын айтып, хақым жоқ жариялар).
Қыз-қырқынға, сақалды коллиге ұқсап,
күлім қақса, адамның ары ұялар.

Менің жастық шағымның айғағындай
біреуде бар алуан айла мұндай:
әлсіздерді аяқтан шалады ылғи
қоян қуған қырғыздың тайғанындай.

Құрдасым бар, келтірдім бірде күмән,
құшақ ашып тұрады жүлде бұған.
Алқымында медалі саусылдаса,
ағылшынның аумайды бульдогынан.

Құтқаратын жағдайдан жан қысылар
овчаркасы немістің арлы шығар…
Адамдардың оған да сенімі жоқ,
болмаса егер мойнында қарғысы бар.

Алпамсадай тұлғасын сенбернардың
көз тайдырып кетеді көргенде әркім.
Монахтарды ажалдан құтқарды деп,
сенбернарға аз емес сенген, бәлкім…

Өз иті бар барша ұлыс, халықтардың,
ата-тегін google-ден анықтармын.
Қылығы иттен аумайтын кісілерден
біраз иттің тұқымын танып қалдым…

Кімге жақсын жан сырын жайған адам?
Жылдан есен өтіппін, айдан – аман…
Бірге жасап келемін кілең итпен,
бұл иттерден қашқанда қайда барам?!.

Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ

 
Тегтер: әзілит
Алдыңғы жаңалық

Бақша қарақшысы

Келесі жаңалық

Деген екен

Ұқсас жаңалықтар

Жан Кособуцкий
Жаңалықтар

Жан Кособуцкий 27 нокауты бар кубалық боксшымен кездеседі

Ақпан 25, 2021
22
Жаңалықтар

БҚО-да қолайсыз ауа райы салдарынан 22 ауыл жарықсыз қалды

Ақпан 24, 2021
Боран
Жаңалықтар

Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

Ақпан 24, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады

Ақпан 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жан Кособуцкий 27 нокауты бар кубалық боксшымен кездеседі

Ақпан 25, 00:19

БҚО-да қолайсыз ауа райы салдарынан 22 ауыл жарықсыз қалды

Ақпан 24, 23:58

Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

Ақпан 24, 23:22

Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады

Ақпан 24, 22:43

Қостанай облысы тұрғынынан мыңнан астам героин дозасы тәркіленді

Ақпан 24, 22:23

Instagram-да алаяқтар жүргізуші куәлігін сатып жүр

Ақпан 24, 21:45

Ермұхамет Ертісбаев: Қазақстанға төңкеріс керек пе?

Ақпан 24, 21:18
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Жан Кособуцкий

Жан Кособуцкий 27 нокауты бар кубалық боксшымен кездеседі

Ақпан 25, 2021
22

БҚО-да қолайсыз ауа райы салдарынан 22 ауыл жарықсыз қалды

Ақпан 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»