Елбасы Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. «Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.