Илон Маск миллион ағаш отырғызуға 1 миллион доллар бөлді
Илон Маск миллион ағаш отырғызуға 1 миллион доллар бөлді
79
оқылды

Миллиардер Илон Маск шабылған орманды қалпына келтіруге ақша жинауды қолдады. Ол миллион ағаш отырғызу науқанына 1 миллион доллар бөлді және Twitter-дегі есімін өзгертіп «ағаш» сөзін қосып қойды,-деп хабарлайды forbes.ru.

Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск ArBey Day қорымен бірге #TeamTrees акциясын қолдады. Жобаның мақсаты – 2020 жылдың аяғына дейін 20 миллион ағаш отырғызуға ақша жинау.

Өткен аптада блогер Джимми Дональдсон акцияның басталғанын жариялады және оған басқа YouTube блогерлерін тартты. Науқан ережелеріне сәйкес бір ағаш отырғызудың құны – 1 доллар.

29 қазанда кешке 6 миллионнан астам қаражат жиналғаны белгілі болды, бұл қаржы 6 миллионнан астам ағаш отырғызуға жеткілікті,– деп жазады Forbes USA.