Ата-анасынан қашып, күйеуге шығып кеткен оқушы қыз табылды
Ата-анасынан қашып, күйеуге шығып кеткен оқушы қыз табылды
Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен 16 жастағы оқушы қыз  табылды. Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша, 28 қазан күні сағат 21:00-де Бәйтерек ауданы полиция бөліміне кәмелетке толмаған қыздың жоғалғаны туралы хабар түскен деп жазады Polisia.kz. Полиция бөліміне қыздың анасы хабарласқан. Ол қызының кешкі сағат алтыда үйден шығып, оралмағанын айтқан. Осыдан кейін Полиция бөлімінің қызметкерлері оқушыны іздеуге кірісті.  «Іздеуге мектеп ұжымы мен тұрғындар да атсалысты», – дейді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков. Жоғалған қыз әлеуметтік желідегі ормалмен түскен суреті арқылы табылды. Оның күйеуге шығып кеткені анықталды.  Осылайша, полицейлер оқушыны ата-анасының үйіне жеткізді. Ал қыз өз еркімен күйеуге шыққанын айтып, үйіне оралғысы келмеген.