Коронавирус мутацияланып, 20A.EU1 деген атаумен жаңа вирус пайда болды. Бұл туралы ақпарат Қазақстан Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында жарияланды. Бұл вирустың бүкіл әлемді әбігерге салған вирустан өзгеше екені белгілі болып отыр. 20A.EU1 деген атау берілген вирус маусым айында Испанияда пайда болып, Еуропадағы туристерден таралған. Испан генетигі Иньаки Комас вирустың таралуы коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың бұқаралық іс-шараға қатысуынан басталды деп болжам жасады. Ғалымның болжамынша, вирустың одан әрі тез таралу себебі Испанияда демалып жатқан азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтамауымен байланысты. Мутацияланған вирустың тарау жылдамдығы қандай және қаншалықты қауіпті? Бұл әзірге белгісіз.