«Қайсар» футбол клубы мемлекеттік тілде сөйлеуге тыйым салған бас бапкерге қатысты түсініктеме берді
«Қайсар» футбол клубы мемлекеттік тілде сөйлеуге тыйым салған бас бапкерге қатысты түсініктеме берді
187
оқылды
«Қайсар» футбол клубы  бас бапкер мен футболшы арасындағы жанжалға қатысты ресми мәлімдеді. «Қайсар» клубының бас бапкері Стойчко Младенов пен футболшының арасында дау-дамай туралы желіде таралған болатын. Оқиға «Каспий» және «Қайсар» командаларының арасындағы ойын өткеннен кейін, киім ауыстыратын бөлмеде болған. Куәгерлер бас бапкер футболшыға мемлекеттік тілде сөйлеуге тыйым салғанын айтқан болатын. «Қайсар» футбол клубы болған жайтқа қатысты жауапты ресми сайтында жазды.
«Қайсар» мен «Каспий» кездесуінен кейін киім ауыстыратын бөлмеде бапкер мен ойыншы арасындағы түсініспеушілік жағдай орын алды. Бұл жағдай матчтан кейінгі эмоциядан туындағаны белгілі болды. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүретін спортта мұндай сәттер жиі кездеседі. Қазір бапкер мен ойыншы арасындағы қарым-қатынас ретке келді. Бапкерлер қосыны мен футболшылар алдағы «Тобылмен» өтетін ойынға дайындығын пысықтауға көшті», – делінген хабарламада.