Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қалай өтуде?

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қалай өтуде?

Еліміздегі жоғары басқарушылық мемлекеттік лауазымдарға, ұлттық холдингтер мен компаниялардағы жоғары басқарушы лауазымдарға тағайындалуға мүмкіндік. Осындай перспектива еліміздегі және шетелдегі мыңдаған жас қазақстандықтардың қызығушылығын тудырды.

Оның барлығы «Президенттік жастар кадр резервіне» іріктеуге қатысты. Резервке олардың ішіндегі 300 барынша талантты және даярланған жастар алынады.

Қазіргі уақытта тестілеуді верификациялау қорытындысы бойынша 549 қатысушы жобаны таныстыру, эссе жазу және құзыреттерін бағалау сияқты үш кезеңнен тұратын іріктеудің келесі кезеңі - «Әлеуетті бағалаудан» өтуде.

Осы кезеңде үміткерлердің эссесі мен жобалық жұмысы онлайн түрде бір уақытта үш сарапшымен бағаланды.

Үміткерлердің құзыреттерін бағалау үшін сертификатталған бағалаушылар мен кәсіби супервизорлар тартылды. Олар үміткерлердің құзыреттерін мінез-құлық индикторлары арқылы, жеке және топтық ассесмент құралдарын қолдана отырып анықтайды. «Әлеуетті бағалау» кезеңіне өткен үміткерлер өздерінің іріктеу жөніндегі ойларымен бөлісті.

«Басында 13 мың адамның тіркелгенін (Pkrezetv.kz сайтында – еск.) көрген кезде таңғалдым. Өйткені, әрі кетсе бір жарым, екі мың адам болады деп ойладым...

 Көп жастардың бұл жобаға қызығушылығы зор екені байқалады. Соның ішінен бес жүзден аса адамның арасына ілінуіміз, үлкен мәртебе.

Өте мықты ұйымдастырылған, ешқандай кедергілер болған жоқ. Басында сұрақтары қиын деген әңгіме де болды. Бірақ, сайдың тасындай сапталған қыз-жігіттердің ондай сұрақтарға жауап бермеуі мүмкін емес. О ның үстіне, тапсырмаларды орындай отырып, шетелдік компанияларға жұмысқа тұрып жатқандай болдым», –дейді Бекжан есімді кәсіпкер.

Ал IT-саласының маманы Азамат іріктеуден өтпей қалса да өкінбейтінін жеткізді. Себебі, осы деңгейге жеткеннің өзі үлкен қуаныш екен. Жылу-энергетика саласының маманы Алексейдің айтуынша, бұл – өте ашық жүйе. Өйткені жүйелі жұмыс істеуінен-ақ, тып-тиянақты ойластырылған дүние екені байқалған.   

– Ненің қашан іске қосатынын, өзімнен ненің талап ететінін түсініп отырдым. Барлығы өз кезегімен жүріп отырды. Ондағы өз орныңды көріп, алдағы уақытта не күтіп тұрғанын болжай аласың. Бұл деген жастарға өзін көрсетуге үлкен мүмкіндік, –дейді ол.

Айнара есімді мемлекеттік қызметші 24 сағат бойы қашықтықтан тестілеудің ыңғайлы болғанын айтады. Оның айтуынша, ұйымдастырушылар БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы іріктеу бойынша толық ақпарат алып отырған.

«Ұйымдастыруы маған  ұнады. Әрбір кезең сайын  өзіме жаңа сынақ, challenge алып отырдым: презентация жасау, 5 минут ішінде 5 слайд көрсету, белгілі аралықта эссе тапсыру. Бүгінгі ассесмент, әр ретте жылдамдатып отырады. Тіпті, ұйымдастыру жағынан барлық ақпараттың қолжетімді болды», дейді туризм саласындағы Даниэль. Сол секілді тағы бірнеше маманның пікірін беруге тырыстық.

Элина, мемлекеттік қызметші:

«Кадр резерві жөнінде хабарландыру шыққаннан кейін бірден қатысқым келіп кетті. Бірақ айналамдағы адамдар күмәнмен қарап, көзілдірігіңді шеш, оны қайтесің және онда барлығы шешіліп қойған шығар деген сөз қозғады. Мен талаптанып көру керек деп айттым. Біріншіден, Президент өзі жариялады. Екіншіден, бұл бақ сынап көруге тұрарлық жаңа формат. Үшіншіден, бұл үлкен мүмкіндік. Жалпы жобаның өзі бірегей. Мұнымен барлық қатысушы келіседі... Онлайн және офлайн кезеңдер де бар. Бұл әрбір үміткерге арналған кешенді тәсіл... Ол өте мықты әрі жаттыққан ұйымдастырушылар тобы... Барлығы өте сапалы жасалған. Техникалық қолдауға өтінім берген кезде шұғыл арада жауап береді. Мәселеңді шешіп қана қоймай, қолдау көрсетуге тырысады...»

Гүльзира, кәсіподақ ұйымының қызметкері:

«Бірінші кезекте мені сайттың техникалық қамтылуы таң қалдырды... Барлық қажетті жағдайлар мен заттар алдын-ала қарастырылған. Өз алдымда қандай да бір нақты техникалық қиыншылықтар туындаған жоқ. Ассесмент – ол үміткердің құзыреттерін жан-жақты анықтауға мүмкіндік беретін құзыреттерді бағалаудың заманауи үрдісі... Бүгінгі ассесмент тайм-менеджмент тарапынан өте жақсы ұйымдастырылған. Біз өзіміздің кестемізді, логистикамызды, яғни қайдан қайда бару керектігін білеміз. Қандай стримге жататынымызды білеміз. Бұл түстер, аудиториялар, адамдар саны бойынша реттеу... Біздің мемлекеттік органның қысқа мерзімде осындай ауқымды жобаны жүзеге асыра алатынын мақтан тұтамын".


.