Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады. Қызылорда облысында 2 қарашадан бастап жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Әлия Әбдіқайымованың 31 қазандағы «Облыс бойынша шектеу, соның ішінде карантиндік шаралар туралы» қаулысына сәйкес тұрғындарға дәрігерлерді жұмыс кезінде суретке және видеоға түсіруге, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында фото, видео түсіруге тыйым салынбақ.
«Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынады», – делінген қаулыда.