Стамбұлда  жарылыс болып, қалалық аурухана өртке оранды – видео
Стамбұлда  жарылыс болып, қалалық аурухана өртке оранды – видео
145
оқылды
Стамбұл университеті  медицина факультетінің аурухана ғимаратынан өрт шықты. Бұл туралы Аikyn.kz Haberler-ге сілтеме жасап хабарлайды. Бұған дейін оқиға орнында жарылыс дыбыстары естілген. Оқиға орнына өрт сөндіру және төтенше жағдайлар қызметі шақырылды. Ал зардап шеккендер туралы әзірге  хабарланбайды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт ғимараттың жоғарғы қабатындағы жөндеу жұмыстары кезінде болған. Билік өрт бақылауға алынғанын және сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. https://www.youtube.com/watch?v=thHi9XYJhTQ&feature=emb_logo&ab_channel=MixitTvMixitTv