Сауд Арабиясы ғарышты игеруге 2,1 миллиард доллар жұмсайды
Сауд Арабиясы ғарышты игеруге 2,1 миллиард доллар жұмсайды
125
оқылды
Сауд Арабиясының билігі ғарышты игеру бойынша жеке бағдарламасын дамытуға қомақты қаражат салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Риа Новости. –Экономикалық әртараптандыру жоспары аясында шетелдік инвестициялар тартылып, жас саудиялықтар үшін мыңдаған жұмыс орындары құрылады,– деді Сауд Арабиясының Ұлттық ғарыш агенттігінің(SSC) басшысы және араб елінің алғашқы ғарышкері, 64 жастағы ханзада Сұлтан ибн Салман Аль Сауд. Сонымен қатар, ғарыш саласында көптеген мүмкіндіктер бар екенін және Сауд Арабиясы оларды барынша пайдалануға ниетті екенін атап өтті. Ханзаданың айтуынша, ел АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және БАӘ ғарыш агенттіктерімен бірқатар келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр.