49 жастағы Қарағанды облысының тумасы құны 25 миллион теңге болатын бағалы тастарды ұрлаған кезде қолға түсіп отыр.
Күдік Тараз қаласындағы зергерлік дүкеннің біріне бетонды тесу арқылы кірген. Бұл іске мұқият дайындалған ол бетонды адам денесі кіретіндей қылып ойып, содан қолы жеткен алтын бұйымдардың барлығын ұрлаған. Алайда күдікті қолды қылған заттарын жаратып үлгермей қолға түсіп отыр.Осы тұста бір айта кетерлігі өткен аптада Алматыда криминалдық іске қатысы бар деген қару да Жамбыл облысы Талас ауданынан табылған болатын. Әйтеуір, қазір барлық жол Таразға апаратын болып тұр...Ал ең сұмдығы 49 жасар қарағандылық азамат бұған дейін де қарақшылық шабуыл жасап, халықаралық іздеуде жүр екен. Осылайша, полицейлер жер-көктен таппай жүрген қылмыскер Тараздан табылды. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы