Он жылда бір рет өтетін халық санағы биыл 10 желтоқсанда аяқталады, – деп жазады 24.kz.
Халық санағына 7 миллионнан аса есепші жұмылдырылған. Олар тек Қытай азаматтарын ғана емес, елде жарты жылдан аса уақыт тұрып жатқан шетелдіктер туралы да мәлімет жинайды.
Қытай үкіметі халықтың саны, жасы, білім деңгейі мен қызметі жөніндегі деректерді нақтыламақ. Ақпарат жинау үшін электронды әдістер кеңінен қолданылады.
Адамдар өзі туралы мәліметті ұялы телефон арқылы жіберсе де болады.