Алматы маңында атыс болды
Алматы маңында атыс болды
192
оқылды

Полицейлердің айтуынша, 31 қазан сағат 15.50-де Іле ауданының кезекші бөліміне «Поляна» демалыс орнында атыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Полицейлер оқиға орнына жеткенде сағат 15.00-ге қарай медициналық маска таққан 15-20 адам демалыс орнына келгені және сол жерде мекеме иесі – 1980 жылы туған ер адаммен жанжалдасқанын анықтады. Келген адамдар оқ атқан.

«К.Н. Кузнецовтың ішінен оқ тиген (резина оқ), сондай-ақ демалыс орнының қызметкерлері 1980 жылы туған М.С. Слямовқа (сол аяғына), 1994 жылы туған Я.А. Помазковқа (оң аяғына) оқ тиген. М. Слямов және Я. Помазков Алматы қаласындағы № 4 ауруханаға жеткізілді» делінген ресми хабарламада.

Оқ атқан белгісіз адамдар оқиға орнынан қашып кеткен. Тергеу басталды.