«Bolashaq» Қауымдастығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамалар орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде «Jastar Otanga» Республикалық инновациялық идеялар байқауын іске асыруда.
2 қараша күні өткізілетін фестиваль Елбасының мемлекеттік бағдарламаларын, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды және дамытуды мақсат етіп отыр.
Жобаның мақсаты: Жастардың іскерлік белсенділігін және жұмыспен қамтылуын, бизнес-ойлауын дамытуға көмектесу, сондай-ақ жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.
Жобаның міндеті: Жастарды қоғамдық өмірге тарту тетіктерін әзірлеу, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту және стартаптардың экожүйесін құру, жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін және нетворкинг ұйымдастыру үшін жағдай жасау болып табылады.
Қатысушылардың негізгі идеялары: IT, медицина, қалдықтарды қайта өңдеу, қызмет көрсету саласы, ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау, ақылды технологиялар және өтінім қорытындысы бойынша басқа да бағыттарда болды.
Іс-шараға:
● Ларион Лян – Қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, инвестор, IC Group компаниялар тобының негізін қалаушы;
● Бауыржан Қасымбергебаев – меценат, бизнесмен, Қазақстандағы «Синергия» университетінің президенті;
● Салтанат Қазыбаева – «Алматы Марафонының» директоры;
● Дәуіржан Ауғамбай – «Ақыл-кеңес Консалтинг» ЖШС басшысы;
● Әлішер Садықов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, ka4.me және nanoheroes.kz стартаптардың негізін қалаушы;
● Жайлаугүл Сағындықова – «Нархоз» университетінің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, «Болашак» бағдарламасының түлегі, «You can STEAM it» жазғы мектептің негізін қалаушы;
● Даниял Үмбеталов – жас кәсіпкер, «Speed Digital Agency» директоры және тағы басқалар қатысады.
«Jastar Otanga» Республикалық инновациялық идеялар байқауы – бұл өз инновациялық жобаларын іске асыруға, командада жұмыс істеуге, жастардың іскерлік белсенділігі мен бизнес-ойлауын дамытуға, білім деңгейін арттыруға және жеке тұлғалық өсуі үшін жағдай жасайтын нақты платформа.