Бес жасқа дейінгі баладан басқасы анықтамасыз ұшақ пен пойызға отырғызылмайды
Бес жасқа дейінгі баладан басқасы анықтамасыз ұшақ пен пойызға отырғызылмайды
118
оқылды

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов ПТР-анықтамасы жоқ Шығыс Қазақстаннан Қазақстанның басқа аймақтарына ішкі әуе, теміржол тасымалына қатысты жолаушыларға қойылатын талаптар туралы айтты.

Бүгіннен бастап Қазақстанның басқа аймақтарына әуе немесе теміржол көлігімен баратын, келетін Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарынан ПТР тест анықтамасы болуы талап етіледі. ПТР-анықтама берілген күннен бастап 3 күнге ғана жарамды. Айта кетейік, бұл талап 5 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды. Ұшақ, пойызға ​​ШҚО-дан басқа аймақтарға баратын жолаушылар ПТР-анықтамасы болған жағдайда ғана отырғызылады. Шығыс Қазақстан облысынан (Өскемен Семей) Қазақстанның басқа аймақтарына қонған ұшақ жолаушылары әуежайда ПТР тест анықтамасын көрсетуі тиіс. Пойыз жолаушыларына да осындай тәртіп енгізілді.

Егер ПТР тест анықтамасы жоқ жолаушылар анықталса, онда тасымалдаушыларға әкімшілік шаралар қолданылады, яғни 1600 АЕК көлемінде айыппұл салынады.