Агенттікте тіркелмеген қарыз беретін ұйымдар жабылады
Агенттікте тіркелмеген қарыз беретін ұйымдар жабылады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, халыққа қарыз беретін ұйымдар жұмысы заңмен реттеледі.

«Кредит беру нарығын реттеу үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап агенттіктің реттеу аясына халыққа қарыз беретін барлық заңды тұлғалар – онлайн кредиттеу компаниялары, ломбардтар және кредиттік серіктестіктер енгізілгенін атап өтеміз. Жұмыс істеп тұрған субъектілерді есептік тіркеудің шекті мерзімі 2020 жылғы 1 қыркүйекте аяқталды. 1 079 ұйым (барлық банктік емес ұйымдардың 33 пайызы), оның ішінде 650 ломбард, 202 кредиттік серіктестік және 227 микроқаржы ұйымы агенттікте есептік тіркеуден өтті», – деді ол.

Оның айтуынша, қарыз беретін ұйымдар есептік тіркеуден өткен сәттен бастап қаржы нарығына қатысты заң талаптарын сақтауға міндетті.

«Тіркеуден өтпеген 2 187 субъектіден 1 196-сы жұмыс істемейді. 744-інің қызметі тоқтайды. 247-сінде жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері жоқ екені белгілі болды. Халыққа қарыз беруді агенттікте есептік тіркеусіз жалғастырған жағдайда бұл субъектілер мәжбүрлеп таратылады», – деді Мәдина Әбілқасымова.