Меморандумға қол қойды
Меморандумға қол қойды
153
оқылды
Премьер-министрі Асқар Мамин Гаага қаласына ресми сапары аясында Нидерланды премьер-минис­трі Марк Рюттемен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ Қазақстан – Нидерланды бизнес-форумының ашылуына қатысты.

М.Рюттемен кездесу бары­сында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтас­тық­ты, энергетика, қаржы, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, АТ, ғылыми салалардағы өзара іс-қимылды одан ары кеңейту перспективалары талқыланды.

Қазақстан мен Нидерланды Премьер-министрлері V Қазақ­стан – Нидерланды бизнес-фору­мының ашылуына қатысты. Оның аясында екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен 5 құ­жатқа қол қойылды.

Соның бірі – ҚазҰАУ мен Вагенинген университеті ара­сындағы қазақстандық аграрий студенттерді оқыту бойынша ын­ты­мақтастық туралы мемо­рандум.

Келіссөздер аясында Гаа­гада өткен Қазақстан – Голландия Бизнес-форумы шеңберінде Қа­зақ ұлттық аграрлық универси­тетінің ректоры, академик Ті­лектес Ес­по­лов ҚазҰАУ-Ваге­нинген уни­вер­ситеті (Wageningen University and Research-WUR) ынты­мақтастығы туралы мемо­рандумға қол қойды.

2019 жылдың басында Ва­генинген университетінен экс­перт-ғалымдар арнайы жұмыс сапа­рымен ҚазҰАУ-ға келіп, өз тә­жірибелерімен бөліскен бо­латын. Осы кездесуде Қазақ­станның агроөнеркәсіптік ке­шеніне бір­лесіп мамандар да­йын­дау мәсе­лелері сараланып, ҚазҰАУ-ға Ва­генинген уни­верситеті әзір­леген Plant Sciences (Өсімдіктер туралы ғылым) және Food Technology (Та­ғам технологиясы) білім беру бағдар­ламаларын ен­гізу жөнінде шешім қабылданған.

Биылғы жылдың қазан айы­ның басында ҚазҰАУ ғалымдары Ва­генинген университетінде бо­лып, алдағы жылға белгіленген жоба-жос­парлар барысын кеңе­сіп, тал­қылап қайтқан болатын. Нәти­жесінде, «Өсімдіктер туралы ғы­лым» және «Тағам техно­логия­сы» бағыттары бойынша жаңа буын­дағы білікті маман­дарды бірлесіп дайындау мәселесі нақты келісілді. Осы келісім негізінде әр бағдар­ламаға 50 сту­денттен қа­былданып, олар өз елімізден сыртқа шықпай-ақ сапалы білім ала алады. Бұл – жастарға за­манауи, озық білім беруде өте тиімді әдіс және уни­верситеттің қарқынды дамуына ықпал етеді.

Ендігі кезекте ҚазҰАУ сту­дент­тері Вагенинген универ­ситетінің білім беру бағдарла­малары негі­зінде оқып, оқытушы-профес­сор­лар құрамы жаңа ба­ғытпен сабақ өту әдісі мен инно­вациялық тех­нологияларын меңгеретін болады. Оқу барысы онлайн түрде өтеді. Аталған екі бағдарлама бойынша білім ал­ғысы келетін үміткерлер Қазақ­станның барлық аймағы мен Орта Азия аумағынан таңдап алы­нады. Сабақтар алдағы 2020-2021 оқу жылында басталады. Бітірген түлектер ҚазҰАУ мен Ва­генинген университеті диплом­дарын қатар алады. Оқу бағасы Вагенингенге қарағанда 3-3,5 есе арзан.

Қазіргі кезде Нидерландыда Вагенинген университетінде Мет­­рополитен Фуд кластер кон­со­р­циу­мы желісі жұмыс істейді. Оның құрамына университет, кә­сіпо­рындар, үкіметтік және үкі­меттік емес ұйымдар бар. Осы кон­сорциум арқылы әлем бо­йын­ша 20-дан астам агроинно­ва­ция­лық клас­терлер жасалып, ірі жо­балар іске асырылуда. Қазақ ұлт­тық аграрлық университеті осы желі құрамына енді. Бүгінгі күні Вагенинген Мет­рополитен Фуд кластер консор­циумының тә­жірибесі бойынша ҚазҰАУ-дың «Агроуниверситет» оқу-тәжіри­бе шаруашылығы база­сында агро­технопарк құру мәсе­лесі қарас­тырылуда.