Қыз зорламақ болған күдікті 20 минутта ұсталды
Қыз зорламақ болған күдікті 20 минутта ұсталды
101
оқылды

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 30 қазанда кешкұрым болған. Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданында Ұлттық ұланның сарбазына әйел келіп, 1995 жылы туған қызын белгісіз ер адам зорламақ болғанын айтқан. Қыз қорыққаннан айқайлаған соң, ер адам үйлердің арасымен қашып кеткен.

«Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері мен полиция қызметкерлері 20 минут ішінде күдіктіні ұстады. Ақмола облысының 1972 жылғы тұрғыны екені анықталды», – деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Күдікті Байқоңыр аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді.