Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Теміржолды жемқорлықтан тазаламақ

«Айқын» ақпарат
Қараша 1, 2019
Саясат
790
қаралым

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жаңа жобаны іске асырып жатыр. Жоба қанат жайса, темір­жолдың айналасындағы жемқорлық тыйылады. Аталған жоба кадр іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Жұ­мыстың аяқ алысы туралы «Самұрық-Қазына» АҚ баспа­сөз алаңында өткен брифингте айтылды.

Компания дайындаған жоба бойынша қызметке қабылдау электронды нұсқада жүреді. Ком­паниядағы барлық бос орындар HeadHunter, Nur.кz жұмыс және Samruk Qyzmet интернет-плат­фор­маларында жарияланады. Үміткер платформалардың бірін­дегі бос жұмыс орнын таңдап, өті­нім жібереді. Қабылдау бірнеше ке­зеңнен тұрады. Алғашқы сұх­баттан кейін тестілеу өтеді. Ірік­теудің барлық кезеңінен өткен­дерінің қысқаша тізімі өңірлердегі кадрлық қызмет ұйымдастырған конкурстық комиссияға жөнел­тіледі. Үміткердің білігі мен ынта­сын тексеру және жұмысқа қа­былдауды рәсімдеу ҚТЖ-ның Кадр­лық әкімшілік департаменті жанындағы көпсалалы қызмет көрсету орталығында іске асады.  

«Тиісті шараларды қолға ал­дық. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігімен 3 кездесу өткіздік. Сондай-ақ ресми жиын­дарда да жемқорлықпен күрес мәселесін көтеріп жүрміз. Енді платформа арқылы нақты іске кө­шеміз. Әр үміткер жұмысқа қа­был­даудың әділ өтетініне сенім білдіре алады» деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас­қарма төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орын­басары С.Әбденов.

Оның айтуынша, қыз­мет­кер­лерді орталықтандырылған жүйеде іріктейтін жұмысқа орналас­тырудың жаңа схемасы баршаға тиімді. Аймақтағы жұмысқа қа­был­дау жүйесі де бір арнаға түспек. Сонда қызметке қабылдаудағы жемқорлық фактісі азаяды екен.

Серік Әдбенов айтқандай, жаңа жүйе бойынша 656 адам ма­мандық бойынша жұмысқа қа­был­даныпты. Компанияның кадрлық блогы тұрмыстық сыбайлас жем­қорлықтың алдын алу және құ­қықбұзушылықтың нақты себеп­терін жою бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Бри­финг барысында компания бас­шылығы бәрін жіті қадағалай­ты­нын айтты. Егер өңірлерде жұ­мыс­қа қабылдау, кадрлық шешім айналасында күмәнді жағдай болса, компания тиісті шара қол­данады. Аталған жайт орын алса, call-орталық пен әлеуметтік желі арқылы хабарлауға болады.

Сонымен қатар сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қызмет өкілде­рінің айтуынша, теміржол тасы­малы саласында соңғы екі жылда 65 сыбайлас жемқорлық әрекеті анықталды. Олардың басым бөлігі парамен байланысты.

Айбике ЖАНАСЫЛ

Жемқорлықпен күрес әңгіме өзегіне айналды

Жемқорлық заңға құрмет көрсетпеуден басталады

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

 
Тегтер: «Самұрық-Қазына» АҚбрифингжаңа жобажемқорлықтеміржол
Алдыңғы жаңалық

Меморандумға қол қойды

Келесі жаңалық

Алтын Орда мемлекетіне – 750 жыл

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде баспана мәселесі қашан шешіледі?
Әлеумет

Елімізде баспана мәселесі қашан шешіледі?

Ақпан 26, 2021
Артур Платонов, Nur Otan, Бауыржан Байбек, Nur Otan Партиялық бақылау комитеті
Жаңалықтар

Артур Платонов Nur Otan Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Ақпан 26, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев, Kaspi.kz, Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе
Жаңалықтар

Тоқаев Kaspi.kz-тің негізін қалағандарды қабылдады

Ақпан 26, 2021
Тоқаев
Саясат

Жер шетелдіктерге сатылмайды

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Боранды күні үйінен шығып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақпан 26, 23:44

Суперкубок матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді

Ақпан 26, 23:10

Алимент төлемеген әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Ақпан 26, 22:45

Ақтауда көпқабатты үй өртеніп, төрт бала құтқарылды

Ақпан 26, 22:04

1 наурыздан бастап әскерге шақыру науқаны басталады

Ақпан 26, 21:38

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 21:07

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 20:55
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

боран

Боранды күні үйінен шығып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақпан 26, 2021
суперкубок

Суперкубок матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»