Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Алтын Орда мемлекетіне – 750 жыл

«Айқын» ақпарат
Қараша 1, 2019
Саясат
2.4k
қаралым

Алматыда өзін-өзі тану үшін жиын өтті

Елбасы кітапханасында «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстелі өтті

Елорданың Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Астанада Халықаралық Түркі академиясы Алтын Орданың 750 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Жиынға Үкімет басшысының орынбасары Бер­дібек Сапарбаев, Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшин, Моңғолия­ның Қазақстандағы елшілігі өкілдері, бірқатар ғылыми мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында «Бабаларымыз осы Ұлы далада туын тігіп, ордалардың алтын қазығын қаққан. Биылғы және алдағы жыл біздің қазақ елі үшін үлкен тарихы маңызды кезең бол­мақшы. Мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдап, Үкі­метке тапсырмалар жүктеді. Осы орайда Алтын Орданың 750 жылдығына ерекше екпін қойылған. Атап айтқанда, бұл бағытта бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Он­дағы мақсатымыз – өзіміздің ғалымдарды, мамандарды, сондай-ақ көршілес елдердің ғалымдарын біраз ауқымды зерттеулерге тарту, қазба жұ­мыс­тарын жүргізу, өзге мем­лекеттерде ғылыми-тәжіри­белік конференция өткізу. Бұл тұрғыда Алтын Орда мемле­кетінің тарихын барша дүние­жүзіне кеңінен таныту міндеті қойылып отыр», – деді Үкімет басшысының орынбасары Б.Сапарбаев.

Бұл бағыттағы жұмыстарда Дархан Қыдырәлі басқарып отырған Халықаралық Түркі академиясының рөлі ерекше екенін атап өткен Бердібек Са­парбаев «Академияның құрыл­тайшылары ретінде біздің мем­лекеттен басқа өзге де елдер еніп отыр. Сонымен қатар ба­қылаушы мемлекеттер де бар. Біздің тарихымыз ежелден өзара байланыста жатыр, Моң­ғолиямен алыс емеспіз. Сон­дық­тан Энхтүвшин мырза, сіз­­дерді осы академияға ба­қы­лаушы болуға шақырамыз» деді.

Сонымен қатар туризмді дамытуға айрықша мән беріліп отырғанын тілге тиек еткен Бердібек Сапарбаев Моңғолия тарапын да осындай шараға қатысуға шақырды. «Өйткені тарихи құндылықтар, ескерт­кіштер сіздердің елдеріңіздің аумағында көптеп кездеседі. Біздің ғалымдар Моңғолияның мамандарымен бірге жұмыс істейтін болса, өзіміздің тари­хымызды әлемге кеңінен көр­сете аламыз» деді ол.

Қазақтар мен моңғолдар ежелден тарихи сабақтастығы ортақ, бір-бірімен тығыз бай­ланыста өмір сүріп келген көр­ші бауырлас халықтар екенін атап өткен Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшин «Сондықтан біздің қарым-қатынасымыз өте тығыз болуы керек. Қазақстан жерінде Шың­ғыс бабамыздың ұрпақ­тары өмір сүрген, сол кісінің үлкен ұлы Жошы ханның күм­безі осы жерде. Алтын Орданың 750 жылдығына орай ауқымды жұмыстар атқарылып, осы ескерткішті қорғау, туристік орталыққа айналдыру, әлемге таныту, сондай-ақ біздің ортақ өркениетімізді насихаттау ба­ғы­тында Қазақстанның істеп жатқан жұмыстарын біздің мемлекетіміз жан-жақты толық қолдайды» деді.

Ол 2019 жылдың тамыз айында Қарақорымның 800 жылдығын атап өтуге жоспар жасағандарын айта келе «Бұл салада Халықаралық Түркі академиясының мүмкіндігі зор, себебі бір жағынан ғылыми мекеме болса, екінші жағынан халықаралық ұйым мәртебесіне ие. Сондықтан осы беделі зор академиямен бірлесе отырып, бұл бағыттағы шараларды қарқынды жүргізе аламыз деп ойлаймын. Халықаралық Түркі академиясы 2014 жылдан бері Моңғолияның ғылым акад­е­мия­сымен, ұлттық музейімен, археология институтымен, архив басқармасымен мемо­рандум орнатып, жақсы жұ­мыстар атқарғанына ризашы­лығымызды білдіреміз» деді.

Шара барысында Алтын Орда тарихына қатысты бір­неше кітаптың таныстыры­лымы өтті. Зиялы қауым өкіл­дері Моңғолиядан арнайы кел­ген Өлзийсайханы Энхтүв­шин мырзаға шапан жауып, қамшы сыйлады.

 
Тегтер: 750 жылАлтын ордадөңгелек үстелжиынзиялы қауым
Алдыңғы жаңалық

Теміржолды жемқорлықтан тазаламақ

Келесі жаңалық

Қарыздан – қарызға…

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, қырғыз
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қырғызстан президенті «Мен – қазақпын…» деп өлең оқып берді

Наурыз 2, 2021
саясаттанушы, Индира Рыстина, қызмет, тағайындау
Жаңалықтар

Саясаттанушы жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 2021
Қырғызстан, Садыр Жапаров, іссапар, астана
Жаңалықтар

Қырғызстан президенті астанаға келді

Наурыз 2, 2021
алғыс, Мәулен Әшімбаев, Сенат, ашаршылық
Жаңалықтар

Қиын-қыстау заманда аман қалғандардың қазаққа алғыс айтуы – әділеттілік

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

Наурыз 2, 21:49

Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды

Наурыз 2, 21:19

Алматыда полиция қызметкері 9 қабаттан құлап кетті

Наурыз 2, 20:30

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 20:15

8 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 2, 19:59

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Бес адамның мәйітін әуелі көршілері көріпті

Наурыз 2, 19:34

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты

Наурыз 2, 18:54
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жатақхана

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
Головкин

Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»