Екінші тоқсаннан бастап оқушылар мектепке барып оқитын болды
Екінші тоқсаннан бастап оқушылар мектепке барып оқитын болды
169
оқылды

Алдағы 2-тоқсанда 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық жерлердегі мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшіріледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Сенат депутаттары контингенті 181-ден 600 адамға дейінгі, бір сыныптағы балалардың саны 15 оқушыдан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің жұмысын кезең-кезеңімен қайта бастауға қатысты депутаттық сауал жолдаған болатын. Премьер-Министр орынбасары елімізде білім мекмелерінде карнатин талаптары 2-тоқсанда қатаң сақталатынын айтты.

«Осының бәрін ескере отырып, ДСМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қаулыға контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру, 1-5 сыныптардың кезекші сыныптарында (ата-аналардың өтініші бойынша), халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін (2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап) оқытуға рұқсат ету бөлігінде өзгеріс енгізеді», – дейді Ералы Тоғжанов.