«Қазгидромет» РМК 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы шығыс Еуропа аймағынан келетін антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен негізінен күн ашық болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Алғашқы күндері елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.