Қарағанды облысында 8 вагон істен шықты. Қазақпараттың хабарлауынша, оқиға салдарынан 150 метр темір жол төсеміне зақым келген.
«2 қараша сағат 06:00 кезінде Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара станциясы темір жол аралығының 27-шақырымында кірме жолда көмір тиелген 8 вагонның доңғалағы жолдан шықты. Оның екеуі аударылды» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.Бұл жағдай пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Ешкім зардап шеккен жоқ. «Разрез «Кузнецкий» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.